Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
28
наурыз
2023
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
Бүгін, 28.03.2023 ж. сағат 15.00-де ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта 1-11 сынып ата-аналарына арналған жалпықалалық жиналыс өтті. Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің табысты ынтымақтастығы, жасөспірімдер ортасындағы жағымсыз үрдістерді азайту мақсатында "Бала + ата-ана + мектеп = тәрбие" тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Бос лауазымдық орынға конкурс
28
наурыз
2023
Бос лауазымдық орынға конкурс
Алматы қаласы Білім басқармасының «№19 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды:     Орналасқан жері – Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ришат және Муслим Абдуллиндер көшесі, №11 Пошталық мекен-жайы - Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ришат және Муслим Абдуллиндер көшесі, №11 Телефон нөмірлері – 8 (727) 382 40 26, +77471198221 Электрондық пошта мекен-жайы – school_o19_ Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар
“Орда” пікірсайыс клубы
24
наурыз
2023
“Орда” пікірсайыс клубы
№19 жалпы білім беретін мектептің “Орда” пікірсайыс клубы 23-наурызда 8-сыныптар арасында  пікірсайыс ойынын ұйымдастырды. Пікірсайысшылар БП Адамзаттың ең үлкен қаупін көрсетеді деген қарарға ойын ойнады. Екі тарап жаһандық жылыну мен атомдық бомбалардың адамға тигізетін зияны туралы ойларын алға тартты. Жеңіс үкімет тарапында болды. https://youtube.com/shorts/QDcmH36Z-Eo?feature=share4
"Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты
20
наурыз
2023
"Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты
№19 ЖББМ кітапханасында, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай, "Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға ою-өрнек туралы түсінік беру. Ою оюды үйрету. Оқушының ой-қиялын дамытып, іскерлікке баулу. Таныстыру барысында,  оқушылар ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға,  өз бойларында ұқыптылық,  әдемілік сынды қасиеттерін дамыта отырып,  асыл мұрамызды жаңғырта беруге,  қастерлеуге,   кейінгі ұрпаққа жеткізу парыз екендігін ұқты.
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
18
наурыз
2023
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
№19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы Наурыз мерекесін бар сән-салтанатымен өткізді. Ұлттық киім киген ұжым мүшелері сегіз топқа бөлініп, өнерлерін ортаға салды. Өнерлі ұжымдастар әуелетіп ән салып, күмбірлете күй шертіп, мың бұрала би билеп шараның шырайын келтірді.  Ұлыстың ұлы күні ақ тілектер айтылып, наурыз көжеден дәм татылды. Жастар естелік фотоға түсіп, ұлттық дәстүрімізбен үндескен шарадан үлкен әсер алды. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Көрісу - қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі.
14
наурыз
2023
Көрісу - қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі.
Көрісу - қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Батыста сақталған бұл дәстүр қазір еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен атап өтіледі. Ағайын-жұрағат, көрші-көлең, барлығы таңертең ерте тұрып, бір-бірімен қауышып, игі, жақсы тілектер айтады.  Қыстан аман шыққанына қуанған халық бір-бірімен қол алысып, амандасады. Үй аралап, көрісіп шығады. Бір-біріне «бір жас қосуыңмен» деп ізгі тілегін айтып жатады. Осынау көктемнің хабаршысындай болған «Көрісу күнімен» баршаларыңызды құттықтап,