Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
КВЕСТ ОЙЫНЫ «ҒАРЫШҚА САЯХАТ»
12
сәуір
2023
КВЕСТ ОЙЫНЫ «ҒАРЫШҚА САЯХАТ»
    Ғарышкерлер күніне орай  мектебімізде 9 сынып оқушылары арасында квест ойыны өткізілді. Ұйымдастырушылар математика, информатика, физика пән бірлестігіндегі жас мамандар. Оқушылар ойынға белсенді қатысып, тақырып бойынша жасырынған сұрақтарды тауып мүдірместен жауап берді. Ойын нәтижесі бойынша І орын 9 Г сыныбы, ІІ орын 9 В сыныбы, ІІІ орын 9 А сыныбы иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! ​https://youtube.com/shorts/cGMFxT6nYQ0?feature=share4​​​
«ШЕКСІЗ ҒАРЫШ ӘЛЕМІ» АТТЫ СУРЕТ САЙЫСЫ
12
сәуір
2023
«ШЕКСІЗ ҒАРЫШ ӘЛЕМІ» АТТЫ СУРЕТ САЙЫСЫ
Ғарышкерлер күніне орай  бастауыш сынып оқушылары арасында «Шексіз ғарыш әлемі» атты сурет сайысы өтті. Өз қиялына ерік берген талантты оқушыларымыздың еңбегі бағаланып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайыс ұйымдастырушысы Малыгина Елена Михайловна.
Конкурс қорытындысы
12
сәуір
2023
Конкурс қорытындысы
2022-2023 оқу жылында  педагог-психолог лауазымына    жарияланға конкурсының комиссия отырысының  № 5 хаттамасының шешіміне сәйкес төмендегі үміткер жұмысқа қабылданды: № Аты-жөні Мамандығы  Шварц Крестина Станиславовна  педагог-психолог 
«Topiq.kz» цифрлық оқулықтар платформасы
11
сәуір
2023
«Topiq.kz» цифрлық оқулықтар платформасы
ОҚИМЫЗ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУҒА ҰМТЫЛАМЫЗ!  №19 жалпы білім беретін мектебінде «Topiq.kz» цифрлық оқулықтар платформасын ұстаздар сабақ барысында қолданып отырады. Платформаның көптеген мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар. Сабақ барысында электронды оқулықтармен жұмыс істей отырып, оқу үдерісін бақылауға, әдіс-тәсілдердің аясын кеңейтуге, сұраныс бойынша сапалы мазмұнға ие болуға болады. 
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ
11
сәуір
2023
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған «Үстел теннисінің» ұлттық мектеп лигасына ағымдағы жылдың 3-7 сәуір аралығында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Асанов Алмат, 9 сынып оқушылары Өмірзақов Асылбек, Пернебаева Амина, Орақбай Аяжан қатысып келді. Жетекшілері: дене шынықтыру мұғалімдері Джулмабаев Н., Төлеген Н.
"Сұлтан Бейбарыстың ерлігі"
04
сәуір
2023
"Сұлтан Бейбарыстың ерлігі"
Бүгін 04.04.2023 жылы Ұлы даланың тумасы Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай "Сұлтан Бейбарыстың ерлігі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Білім алушыларға атақты қолбасшының өмірі мен ерлігі жайлы ақпараттар берілді.