Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 72 Вперед
2-күн — мектеп жанындағы лагерьде!
02
маусым
2026
2-күн — мектеп жанындағы лагерьде!
🌞 *2-күн — мектеп жанындағы лагерьде!* Бүгінгі күн де қызықты оқиғаларға толы болды! 🎉 Балалар түрлі ойындар мен байқауларға қатысып, шығармашылық тапсырмаларды орындап, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті. 🤩 Күні бойы достарымен көңілді уақыт өткізіп, жаңа әсерлер алып, жарқын эмоцияларға бөленді. 😊✨ Күлкіге, қуанышқа және жақсы көңіл күйге толы бұл күн балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз! Келесі кездесулерді асыға күтеміз! ❤️ #МектепЖанындағыЛагерь #Жаз2026 #БалаларДемалысы
«Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері
01
маусым
2026
«Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері
Жазғы демалыстың ең қызықты кезеңі басталды! ☀️🌿 Мектебіміз жанындағы «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері алғашқы күннен-ақ балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйіне толды.Лагерьде оқушыларды қызықты ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сағаттары, танымдық іс-шаралар мен жаңа достар күтіп тұр. Әр күн ерекше әсерге, жарқын эмоцияларға және пайдалы демалысқа толы болмақ.Балаларымызға көңілді демалыс, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас естеліктер тілейміз! 💙✨
Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының қолданылуы туралы
13
мамыр
2026
Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының қолданылуы туралы
📚 Бүгін мектебіміздің ұстаздары үшін пайдалы әрі мазмұнды кездесу өтті. «Alem» педагогикалық-инновациялық орталығының өкілі педагогтерді lifted.kz платформасындағы жаңа мүмкіндіктермен таныстырды. Кездесу барысында білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан заманауи жаңашылдықтар, әсіресе жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының қолданылуы кеңінен түсіндірілді. Мұғалімдер оқу материалдарын дайындау, тапсырмаларды түрлендіру, бағалау және сабақ сапасын арттыру бағытындағы жаңа функциялармен танысты.
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау тәртібі өзгерді
31
наурыз
2026
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау тәртібі өзгерді
🏫Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау тәртібі өзгерді ✍️Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам 1- сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлектеуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру процесіне кедергі келтірмеу мақсатында
Құттықтаймыз!!! 🎉
11
наурыз
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде *«Құқық негіздері» пәні* бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынға ие болған *9-сынып оқушысы Сыздық Иманжанды* шын жүректен құттықтаймыз! Білім мен ізденістің, табандылық пен еңбектің нәтижесінде жеткен бұл жеңіс – үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруда сәттілік серік болсын! Жас дарынға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!!!