10
наурыз
2026
Бітіруші түлектер мен жұмыс берушілер арасында кездесу
№19 жалпы білім беретін мектеп базасында бітіруші түлектер мен жұмыс берушілер арасында кездесу
ұйымдастырылды.Жоба аясында бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-математика, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бойынша білім беру бағдарламаларының 11 бітіруші түлегі кәсіби сұхбаттасудан өтті. Қатысушылар мектеп басшысының алдында әңгімелесуден өтіп, өз мамандығы бойынша білімін, сабақ жүргізудегі көзқарасын және педагог ретінде қалыптасқан тәжірибелерін таныстырды. Оларға мектеп тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, болашақ мұғалімдердің пәнді меңгеруі, оқушылармен жұмыс істеу тәсілдері мен педагогикалық ұстанымдарына назар аударылды.Әңгімелесуді №19 жалпы білім беретін мектептің директоры Айымгүл Имангалиева жүргізді. Ол студенттердің өзін таныстыру шеберлігіне, кәсіби дайындығына және коммуникациялық мәдениетіне талдау жасап, қатысушыларға маман ретіндегі ұсыныс білдірді.
https://www.facebook.com/share/p/1ZDDsaM5HA/