02
желтоқсан
2025
«Заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру. Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы. Сабақтарда ЖИ қолданудың тиімділігі»
2025 жылдың 2 желтоқсан күні №19 жалпы білім беретін мектепте қала мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдерге арналған «Заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру. Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы. Сабақтарда ЖИ қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарда мектеп директоры Имангалиева А.Д. заманауи мектептің инновациялық даму жолдары мен халықаралық тәжірибелер – Эстония мен Финляндиядағы тағылымдама нәтижелері, мектеп менеджменті туралы бөлісті. ЖИ-ді қолданудағы этикалық нормалар мен мәселелері де қозғалды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары ЖИ арқылы мектептегі әкімшілік жұмысты оңтайландыру, қысқаша есептік мәлімет алу жолдарын таныстырды.
Тарих пәні мұғалімдері инновациялық технологиялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, ЖИ көмегімен білім беру платформасын құру және «Музей күні» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар аясында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері шеберлік сабақтарын көрсетіп, ЖИ-ді қолдану арқылы сабақ сапасын арттыру тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың арнайы шақырылған қонақтары - мектеппен әріптестікте жұмыс істейтін “A’LEM Педагогикалық инновациялар орталығының” бас директоры, Lifted.kz платформасының әзірлеушісі Өрісбай Н.Б.
Ол Lift Education платформасы арқылы ЖИ көмегімен оқу олқылықтарын анықтау, тапсырмалардың күрделілік деңгейін бейімдеу, БЖБ/ТЖБ және деңгейлік тапсырмалар генерациялау мүмкіндіктері туралы таныстырды.
Сонымен қатар, Ыбышева Алмагүл Сейтжановна («Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы) орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқырмандық сауаттылықты дамытуда ЖИ құралдарын қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Бұл семинар қатысушыларға жасанды интеллектті білім беру процесіне тиімді интеграциялаудың жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Білім беруді цифрландыру – заман талабы!

https://www.instagram.com/reel/DRzduTFDLJ-/?igsh=bzlkaGF5bWN1ZHhq