Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының қолданылуы туралы
13
мамыр
2026

Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының қолданылуы туралы

📚 Бүгін мектебіміздің ұстаздары үшін пайдалы әрі мазмұнды кездесу өтті.
«Alem» педагогикалық-инновациялық орталығының өкілі педагогтерді lifted.kz платформасындағы жаңа мүмкіндіктермен таныстырды.
Кездесу барысында білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан заманауи жаңашылдықтар, әсіресе жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының қолданылуы кеңінен түсіндірілді. Мұғалімдер оқу материалдарын дайындау, тапсырмаларды түрлендіру, бағалау және сабақ сапасын арттыру бағытындағы жаңа функциялармен танысты.
Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану — бүгінгі білім берудің маңызды бағыты. Осындай тәжірибе алмасу алаңдары ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беретіні сөзсіз.
✨ Жаңашылдыққа қадам басқан әр педагогке сәттілік тілейміз!