21
қаңтар
2026
«XXI ғасырдағы ұлттық сана мен білім: заманауи педагог көзқарасы»
«XXI ғасырдағы ұлттық сана мен білім: заманауи педагог көзқарасы» тақырыбында VIII педагогикалық оқулар өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты — білім беру жүйесінде ұлттық сананы қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылау, заманауи педагогтің кәсіби ұстанымдары мен тәжірибесіне талдау жасау, сондай-ақ озық педагогикалық практикалармен алмасу.
Педагогикалық оқулар барысында білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие процесіне ұлттық құндылықтарды тиімді енгізу және XXI ғасыр талаптарына сай тұлға қалыптастыру мәселелері қаралды.
Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына, олардың ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыруға және білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
https://www.facebook.com/reel/807344442364898