Антитеррористік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту семинары
2 шілде күні №19 жалпы білім беретін мектеп базасында Медеу ауданы мектептерінің әкімшілік-шаруашылық істері жөніндегі орынбасарларына арналған антитеррористік қорғаныс мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Оқыту жұмысына Алматы қаласы ПД ҰПЭ антитеррористік жұмыс бойынша кураторы Абуталипов Бектур Багдатұлы қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылды.
Қатысушыларға келесі тақырып бойынша алдын алу материалдары ұсынылды:
«Оқу кабинеттерінде және мектеп ғимараттарының айналасында жарылғыш заттардың жасырылу ықтималдығы жоғары орындарды анықтау».
Баяндамалармен сөз сөйлегендер:
— Білім беру ұйымдарының өкілдері;
— Антитеррористік жұмыс бойынша куратор — Абуталипов Бектур Багдатұлы.
Оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылды:
— Жарылғыш заттарды анықтау әдістері;
— Террорлық қауіп туралы хабарлама алған кездегі іс-әрекет алгоритмі;
— Кепілге алынған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелері;
— Білім беру нысандарының терроризм қатерінен қорғалуын қамтамасыз ету шаралары.
Білім беру ортасының қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ міндетіміз!