Жас директорларға арналған семинар: ҰБДҚ жүйесін тиімді пайдалану жолдары
2025 жылғы 25 сәуір күні №19 жалпы білім беретін мектеп базасында жас директорларға арналған "Ұлттық білім беру деректер қорын (ҰБДҚ) жүргізу және мазмұны" тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – жас басшыларды ҰБДҚ жүйесінің құрылымы және оны дұрыс пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру болды. ҰБДҚ – білім беру саласындағы, әсіресе мектептер бойынша бастапқы статистикалық деректерді жинау мен өңдеу үдерістерін автоматтандыратын заманауи жүйе. Бұл жүйе арқылы оқушылар мен мұғалімдердің статустарын анықтау, қажетті құжаттарды жүктеу секілді функциялар жүзеге асырылады.
Семинар барысында қатысушыларға жүйемен жұмыс істеудің теориялық негіздерімен қатар, практикалық тапсырмалар ұсынылып, нақты мысалдар арқылы жұмыс істеу дағдылары көрсетілді. Жас директорлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ҰБДҚ-ны басқаруда кездесетін өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Іс-шара нәтижесінде қатысушылар ҰБДҚ жүйесінің жұмыс істеу тәртібін жақсы меңгеріп, өз мектептерінде осы жүйені тиімді қолдануға дайын екендерін жеткізді.
https://rus.todayinfo.kz/naczobrazovatelnaya-baza-dannyh-almatinskie-pedagogi-obsudili-sovremennye-metody-upravleniya-shkoloj/
https://orleu-edu.kz/%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d0%b6%d0%b0%d1%81-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80%d2%93%d0%b0-%d0%b0%d1%80%d0%bd%d0%b0/
https://bilimainasy.kz/2025-04-25-003/