Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Зиянды әдеттерден сақ болайық!»
06
наурыз
2023
«Зиянды әдеттерден сақ болайық!»
№19 жалпы білім беретін мектептің құқықбұзушылықтың алдын алу штабы 5-11 сынып оқушылары арасында «Зиянды әдеттерден сақ болайық!» тақырыбында семинар өткізді. Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы шылым шегудің, нашақорлықтың, маскүнемділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Сонымен қатар, нарколог-дәрігер Трубникова А.А. синтетикалық есірткілерді тұтынудың салдары, электронды темекі өнімдерінің қоспалары мен зияны туралы ақпарат берді.
Конкурс қорытындысы
06
наурыз
2023
Конкурс қорытындысы
2022-2023 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына жарияланған конкурсының комиссия отырысының  № 3 хаттамасының шешіміне сәйкес төмендегі үміткерлер жұмысқа қабылданды: № Аты - жөні Мамандығы  1. Нұрболат Әсем  қазақ тілі мен әдебиеті  2. Өтеш Диана ағылшын тілі 
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
03
наурыз
2023
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқауының аудандық кезеңінің қатысушысы Жаңабек Диана грамотамен, республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінің «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Саламатов Нурмухаммед ІІІ дәрежелі дипломмен, «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Адилбеков Султан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
01
наурыз
2023
1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні.          Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының шақыруы бойынша 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Осы іс-шараға  орай мектебімізде табиғи апаттан қорғану, соның ішінде жер сілкінісі кезінде  үйде, мектепте өздерін ұстауы және алғашқы көмек көрсету бойынша сақтық шарасы өтті. Мектебіміздің басшысы, алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі, мектеп медбикесі және сынып жетекшілер
1 наурыз - Алғыс айту күні
01
наурыз
2023
1 наурыз - Алғыс айту күні
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, №19 жалпы білім беретін мектептің «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері  қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғысын білдіру мақсатында қабырға газетін шығарды. ​https://youtube.com/shorts/0185UFZUNRg?feature=share​​​
«ҮЗДІК КАБИНЕТ – 2023»
28
ақпан
2023
«ҮЗДІК КАБИНЕТ – 2023»
«Жаратылыстану –математикалық бағыттағы үздік кабинет– 2023» атты мектеп кабинеттерінің қалалық байқауында мектебіміздің физика кабинеті үздік деп танылып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп басшылығын және физика кабинетінің меңгерушісі Кожалимова Бекзат Айдархановны атаулы жеңістерімен құттықтаймыз!