Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Бірлігі жарасқан Қазақстан”
28
сәуір
2023
“Бірлігі жарасқан Қазақстан”
28.04.2023 ж. №19 жалпы білім беретін мектепте “Бірлігі жарасқан Қазақстан” атты бастауыш сынып оқушылары арасында достық фестивалі өтті. Фестивальге қатысушылар Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің тұрмыс-салты мен мәдениетінен көріністер қойып, ән-биімен әсемдей түсті. Мерекелік іс-шарада мектеп директоры А.Д. Имангалиева халықтар достығының маңызы туралы айқындай түсіп, білім алушыларды “Қазақстан халықының бірлігі күні” мерекесімен құттықтады.
"Мектеп – ата-ана – оқушы" триадасы
28
сәуір
2023
"Мектеп – ата-ана – оқушы" триадасы
21.04.2023 ж." №19 ЖББМ " КММ-де ата-аналар қонақжайы Ата-аналар үшін отбасының тәрбиелік әлеуетін өзара тануға тамаша мүмкіндік - ата-аналар қонақжайы. Кезекті қонақжайда 9-сынып ата-аналарымен "Мектеп – ата-ана – оқушы" триадасы тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде: 1. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау; 2. Мамандық таңдау- басты міндетіміз;  3. Ақша жинауға тыйым салу; 4. Отбасы – қоғамның бір ұяшығы тақырыптары талқыланды.  Бала тәрбиесі процесінде отбасы мен мектептің табысты
«Пікірсайыс-өмір салты» атты челлендж
26
сәуір
2023
«Пікірсайыс-өмір салты» атты челлендж
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруменен 7-11 сынып оқушылары арасындағы қалалық «Пікірсайыс-өмір салты» атты челленджіне №19 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі басқару ұйымы қатысып, «Креативті видеобейне» номинациясы бойынша марапатталды. 
«Мектепте/колледжде бір күн» атты челлендж
26
сәуір
2023
«Мектепте/колледжде бір күн» атты челлендж
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруменен 7-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасындағы «Мектепте/колледжде бір күн» атты челленджіне №19 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі басқару ұйымы қатысып, «Ең жарқын қызықты бейнебаян» номинациясы бойынша марапатталды.  
ҚАЗАҚСТАН ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫ
25
сәуір
2023
ҚАЗАҚСТАН ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Мектебіміздің 2 сынып оқушысы Алимжанова Ариана Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастыруымен өткен «ACE green ball» категориясы бойынша теннис ойынына қатысып республикалық деңгейде 1 орын иеленді. Жеңімпазымызды жеңісімен құттықтаймыз!
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
20
сәуір
2023
«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі орындармен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Оза шапқан жүйріктерімізге алдағы қалалық кезеңге жеңіс тілейміз.