Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Профилактикалық іс-шара өтті
16
қаңтар
2026

Профилактикалық іс-шара өтті

16.01.2026 ж. мектебімізде маңызды профилактикалық іс-шара өтті. Оқушыларға СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы Джуманова Анель Ержановна арнайы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы негізгі мәліметтер беріліп, оның алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді. Оқушылар маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің денсаулыққа деген сауатты көзқарасын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

https://www.facebook.com/reel/2259004414509929​​​