Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік – тұғырым, Мәңгілік Ел – мұратым»
15
желтоқсан
2025

«Тәуелсіздік – тұғырым, Мәңгілік Ел – мұратым»

15.12.2025ж  мектебімізде  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым, Мәңгілік Ел – мұратым» тақырыбында тағылымды әрі мазмұнды мерекелік іс-шара өтті.Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға еліміздің тәуелсіздігінің қадір-қасиетін түсіндіру, патриоттық рухты нығайту, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру болды.
Мерекелік кеш барысында оқушылар тәуелсіздікке арналған өлеңдер оқып, ән шырқап, сахналық қойылымдар көрсетті. Ел тарихындағы маңызды кезеңдер мен батырлар ерлігі кеңінен дәріптелді. Шара көрермендерге ерекше әсер қалдырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен мақтаныш сезімін ұялатты.
Мұндай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

https://www.facebook.com/reel/852932164142618​​​