Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тәуелсіздік-аманатым” атты кездесу
11
желтоқсан
2024

“Тәуелсіздік-аманатым” атты кездесу

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №19 жалпы білім беретін мектебінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен “Тәуелсіздік-аманатым” атты кездесу өткізілді.Кештің қадірлі қонақтары Жүнісбек Нәбибұлла Әлімжанұлы, Аухатова Айнакүл, Маржан Елгезек болды.Шара барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. Желтоқсан батырлары 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, бір сәтке өткен күнге оралды.Бұл күн әр қазақстандық үшін аса маңызды және қастерлі. Тәуелсіздігіміз – ызғарлы желтоқсан оқиғасынан бастау алды. Сол желтоқсан оқиғасының куәгерлері бүгін ортамызда. Намысшыл қазақтың қайсар ұл-қыздарының батырлығын еш уақытта ұмытпаймыз. Тәуелсіздіктің таңын атырып, нұрын сыйлаған Қайрат, Ляззат, Есбол, Сабира сынды ержүрек жастардың қайсарлығы мәңгілік жүрегімізде сақталады. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Ол бостандығымыз бен егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың кепілі.

https://www.facebook.com/reel/3952105025062465