Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тіл — мәңгілік қазына, Абай — мәңгілік даналық!
23
қыркүйек
2025

Тіл — мәңгілік қазына, Абай — мәңгілік даналық!

📚 «Тіл — мәңгілік қазына, Абай — мәңгілік даналық!»
Алматы қаласы Медеу ауданы №19 жалпы білім беретін мектебінде тағылымы терең, мазмұны мәнді әдеби кеш өтті. Кештің құрметті қонағы — абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Шойынбет Жабал Алшынбекұлы болды.

Абайдың "толық адам" ілімі мен рухани мұрасы кеңінен талқыланған бұл кездесуде оқушылар ақын жырларын оқып, әндерін шырқап, сахналық қойылымдар қойды. Кешке Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері де атсалысып, өнерлерін көрсетті.

Шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат етті.
Ұлы Абайдың мұрасы — бүгінгі ұрпаққа жол көрсететін рухани шамшырақ екенін тағы бір дәлелдеген ерекше кеш болды. 🌿✨

#Абай #ӘдебиКеш #АдалАзамат #МедеуАуданы #ҚазақМәдениеті #ҰлттықҚұндылық


https://bilimainasy.kz/2025-09-24-001/​​​