Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәңгілік ерлікке тағзым!»
06
мамыр
2025

«Мәңгілік ерлікке тағзым!»

Бүгін №19 жалпы білім беретін мектебінде  Ұлы Отан соғысының  80 жылдығына арналған «Мәңгілік ерлікке тағзым!» атты  мерекелік концерт  өткізілді.
Іс-шара  еңбек майданының  және  балалық шағы сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келген ардагерлерімізге арналды.Кешіміздің қадірлі қонағы ретінде тыл ардагері Уалханов Советхан Арынғазыұлы шақырылды. Ардагердің тағдыры мен өмір жолы Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, ерліктің және табандылықтың жарқын үлгісі болып табылады.
Концерт барысында патриоттық әндер, соғыс жылдарындағы өлеңдер, театрландырылған қойылымдар орындалды. Әрбір шығармада жеңімпаз ұрпаққа деген шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі сезілді.Отаны үшін жанын беріп,жанкешітілікпен қаза тапқан ата-бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске  алу концерт қатысушыларына  жеңістің құны мен маңызын түсінірді.
Ұлы ерліктің естеліктер келер ұрпақтық мәңгілік жадында сақталсын!

https://www.facebook.com/share/r/16LGZGrad2/​​​