26
қыркүйек
2025
«БІР ТҰТАС ЕЛ – БІР ТҰТАС ЖЕР»
№ 19 жалпы білім беретін мектебінде, 2025 жылдың 19 қыркүйек айында, «БІР ТҰТАС ЕЛ – БІР ТҰТАС ЖЕР» - Отан Қорғаушылардың идеологиялық негізі тақырыбында, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Тутинбаев Диар Жанатовичтің ұйымдастыруымен, 9,10,11-сынып оқушыларына арналған, әскери-патриоттық ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағына, Алматы қаласы Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Биттибаев Руслан Жексенбекович, Алматы қаласы Әуезов ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Нұрмуканбетов Дидар Берікұлы, ГСВГ, ТВД, ыстық нүктелердің ардагерлері: Нурумбетов Сағындық Таженұлы, Сейфулдаев, Байбазов Курмангазы Бекболатович, Суякбеков Мұрат Асылқанұлы қатысты.
Ардагерлер, офицерлер әскери өмірдің қыр-сырын әңгімелеп берді. Өскелең ұрпаққа, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие бағытындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар офицерлерге сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшылары жас ұрпақты әскерге баруға шақырып, өз Отанына адал қызмет етудің мәні мен маңызы туралы пайдалы кеңестер берді. Кездесу соңында қонақтарға оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына қойып, пайдалы кеңестер алды.
Осындай тағылымдық кездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді күшейтіп, елін сүйетін нағыз азамат болып өсуіне жол ашады.
https://www.facebook.com/reel/4017156005202618