02
ақпан
2026
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен кездесу
Алматы қаласы Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің кездесуі өтті.
Кездесу барысында сайлау жүйесінің маңызы, жастардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара аясында мектебіміздің оқушысы, клуб мүшесі Сыздық Иманжан өз сұрағын қойып, Нұрлан Мәжитұлынан мазмұнды әрі нақты жауап алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын арттырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid02sJpYmTkefipGi9gg7ECAfXkitFkdKCxxZvHksUVTsRM1jp2DCNvwBDvVhBbCgrxpl