Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жақсылық сыйлаған Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шара өтті
23
желтоқсан
2025
«Жақсылық сыйлаған Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шара өтті
23.12.2025ж 1-4 сынып оқушылары арасында «Жақсылық сыйлаған Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шара өтті. Мереке барысында оқушылар жаңа жылдық көңіл күйге бөленіп, ән айтып, би билеп, түрлі ойындар мен қызықты қойылымдарға қатысты. Іс-шараның басты мақсаты балаларға мейірім, жақсылық пен бірлік құндылықтарын дәріптеп, жаңа жыл мерекесінің шаттыққа толы атмосферасын сыйлау болды. ​https://www.instagram.com/reel/DSoagKUjBZa/?igsh=MXExeXBvMTI3M3o5aA==​​​
«Тәуелсіздік – тұғырым, Мәңгілік Ел – мұратым»
15
желтоқсан
2025
«Тәуелсіздік – тұғырым, Мәңгілік Ел – мұратым»
15.12.2025ж  мектебімізде  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым, Мәңгілік Ел – мұратым» тақырыбында тағылымды әрі мазмұнды мерекелік іс-шара өтті.Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға еліміздің тәуелсіздігінің қадір-қасиетін түсіндіру, патриоттық рухты нығайту, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Мерекелік кеш барысында оқушылар тәуелсіздікке арналған өлеңдер оқып, ән шырқап, сахналық қойылымдар көрсетті. Ел тарихындағы маңызды кезеңдер мен
«Заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру. Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы. Сабақтарда ЖИ қолданудың тиімділігі»
02
желтоқсан
2025
«Заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру. Жасанды интеллект:
2025 жылдың 2  желтоқсан күні  №19 жалпы білім беретін мектепте қала мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдерге арналған «Заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру. Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы. Сабақтарда ЖИ қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.   Семинарда мектеп директоры Имангалиева А.Д. заманауи мектептің инновациялық даму жолдары мен халықаралық тәжірибелер – Эстония мен Финляндиядағы тағылымдама нәтижелері, мектеп менеджменті
Жоспарлы ата-аналар жиналысы
25
қараша
2025
Жоспарлы ата-аналар жиналысы
Мектебімізде жоспарлы ата-аналар жиналысы өтті. жиналыс барысында оқу үрдісі, оқушылардың үлгерімі, тәртібі және алдағы уақыттағы мектепішілік іс-шаралар талқыланды.Ата-аналар мен мұғалімдер өзара пікір алмасып, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтты. Жиналыс нәтижелі өтіп, бірлескен жұмысқа ортақ міндеттер айқындалды. ​https://www.facebook.com/share/p/17pgZ6Har1/​​​
Кітап оқитын ұлт» — болашаққа бағыт!
17
қараша
2025
Кітап оқитын ұлт» — болашаққа бағыт!
 *«Кітап оқитын ұлт» — болашаққа бағыт!* Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» зияткерлік-ағартушылық жобасы аясында №19 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары үшін ерекше рухани іс-шара өтті. Кітапхана меңгерушісі Айнагүл Тілеубайқызы Аманжолованың ұйымдастыруымен *Жамбыл ҚЖК кітапханасы* қызметкерлерімен бірлесе отырып, *Б.Соқпақбаевтың «Интернат наны»* әңгімесіне негізделген шығармашылық тапсырмалар орындалып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.  Бұл шығарма арқылы
Cынып сағаттары өткізілді
10
қараша
2025
Cынып сағаттары өткізілді
Оқушылардың тұлғалық дамуын қалыптастыру және қоғамға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында мектепте бірқатар тәрбиелік сынып сағаттары өткізілді. Сабақтар барысында «Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «Жолда жүру ережелері», сондай-ақ «Валюта күні» тақырыптары қамтылып, оқушылар пайдалы ақпараттармен бөлісіп, белсенді талқылауға қатысты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, тәртіптілік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.