17
қараша
2025
Кітап оқитын ұлт» — болашаққа бағыт!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» зияткерлік-ағартушылық жобасы аясында №19 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары үшін ерекше рухани іс-шара өтті.
Кітапхана меңгерушісі Айнагүл Тілеубайқызы Аманжолованың ұйымдастыруымен *Жамбыл ҚЖК кітапханасы* қызметкерлерімен бірлесе отырып, *Б.Соқпақбаевтың «Интернат наны»* әңгімесіне негізделген шығармашылық тапсырмалар орындалып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында белсенді оқушыларға *қызықты кітаптар сыйлық* ретінде тарту етілді. 
Осындай шаралар — жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен үлес қосады!
https://www.facebook.com/share/r/1BNzF2i5tk/