Танымдық экскурсиясы
15.01.2026ж мектебіміздің оқушылары Жамбыл атындағы қалалық орталық кітапханаға танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар кітапхананың жұмысымен танысып, қордағы құнды әдебиеттерді көрді. Кітапханашылар балаларға кітап оқу мәдениеті, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мағыналы ақпарат берді. Экскурсия оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға зор үлес қосты.