Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп Президенттігіне үміткерлер
08
қазан
2025
Мектеп Президенттігіне үміткерлер
Өзін-өзі басқару ұйымының негізі ретінде Президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Соның негізінде мектебімізде 8-10 сынып оқушылары арасында мектеп Президенттігіне үміткерлер қабыладауды ашық деп жариялаймыз! https://www.facebook.com/share/r/17MgvVQt7j/  https://www.facebook.com/share/r/1BMfDdPhux/ https://www.facebook.com/share/r/19qDQTJSb7/ https://www.facebook.com/share/r/1X63iJnZRr/ https://www.facebook.com/share/v/1AbhqGXF99/ ​https://www.facebook.com/share/v/1CsXsarZBT/​​​
Жолда жүру ережелері туралы
08
қазан
2025
Жолда жүру ережелері туралы
Мектебіміздің 2 «А» сыныбында өте қызықты сабақ өтті. Оқушылар жолда жүру ережелері туралы пікір алмасты, өз ойларын ортаға салып, қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керектігін талқылады. Балалар бағдаршамның түстерін, жаяу жүргінші өткелінен өту ережесін және көліктерге абай болудың маңыздылығын жақсы меңгерді.Осындай сабақтар арқылы балалардың жауапкершілігі артып, жолда өзін дұрыс ұстауды үйренеді ​https://www.facebook.com/reel/1348083676887448​​​ 
«Адал азамат», «Алматы — таза қала», және «Көмек» бағдарламалары бойынша сынып сағаттары өткізілді
06
қазан
2025
«Адал азамат», «Алматы — таза қала», және «Көмек» бағдарламалары
06.10.2025ж мектебімізде «Адал азамат», «Алматы — таза қала», және «Көмек» бағдарламалары бойынша сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік және туған қалаға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Сынып сағатында оқушылар тазалық пен адамгершілік құндылықтары жайында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. ​https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid0iF8HUzpxqiKkfbkCK7dW7c8PcBBPUX1zxDWi8UnnbdhbVPybJ1hLfNtc3TZEszCRl​​​
Дублер күні өтті
03
қазан
2025
Дублер күні өтті
Бүгін мектебімізде ерекше күн – Дублер күні өтті. Бұл күнде оқушылар ұстаздардың, басшылардың рөлін сомдап, олардың жауапкершілігін сезінді. Іс-шара оқушылардың шығармашылығын, көшбасшылық қабілеттерін арттыруға бағытталды. ​https://www.facebook.com/reel/808027715143432​​​
Олжас Тоғымбет барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады!
03
қазан
2025
Олжас Тоғымбет барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады!
Белгілі театр және кино актері Олжас Тоғымбет барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады! «Ұстаз – ұлы тұлға. Балаға білім мен тәрбие беріп, өмір жолын айқындауға себепші болатын ең қастерлі жан – ұстаз. Барлық мұғалімдерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!» – деп жүрекжарды тілегін жеткізді өнер иесі. ​https://www.facebook.com/reel/818539103868447​​​
«Ұстаз – өмірдің шамшырағы»
03
қазан
2025
«Ұстаз – өмірдің шамшырағы»
 Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – өмірдің шамшырағы» атты мерекелік концерт өтті. Оқушылар ұстаздарына деген алғыс пен ыстық ықыластарын әнмен де, бимен де, жүрекжарды жырларымен де жеткізді. Бұл кеш – ұлағатты ұстаздарға арналған құрмет пен ризашылықтың айғағы болды. Ұстаздарымызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, шәкірт тәрбиесіндегі еңбектеріне сәттілік тілейміз! ​https://www.facebook.com/reel/1483713802899580​​​