Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру. Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы. Сабақтарда ЖИ қолданудың тиімділігі»
02
желтоқсан
2025
«Заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру. Жасанды интеллект:
2025 жылдың 2  желтоқсан күні  №19 жалпы білім беретін мектепте қала мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдерге арналған «Заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру. Жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы. Сабақтарда ЖИ қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.   Семинарда мектеп директоры Имангалиева А.Д. заманауи мектептің инновациялық даму жолдары мен халықаралық тәжірибелер – Эстония мен Финляндиядағы тағылымдама нәтижелері, мектеп менеджменті
Жоспарлы ата-аналар жиналысы
25
қараша
2025
Жоспарлы ата-аналар жиналысы
Мектебімізде жоспарлы ата-аналар жиналысы өтті. жиналыс барысында оқу үрдісі, оқушылардың үлгерімі, тәртібі және алдағы уақыттағы мектепішілік іс-шаралар талқыланды.Ата-аналар мен мұғалімдер өзара пікір алмасып, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтты. Жиналыс нәтижелі өтіп, бірлескен жұмысқа ортақ міндеттер айқындалды. ​https://www.facebook.com/share/p/17pgZ6Har1/​​​
Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру
17
қараша
2025
Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру
Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында 5–11-сынып оқушылары арасында сынып сағаттарында теңдестірілген дұрыс тамақтануды насихаттауға бағытталған идеологиялық-тәрбиелік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді. Іс-шаралар барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, пайдалы тағамдарды таңдау және тамақтану режимін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Кітап оқитын ұлт» — болашаққа бағыт!
17
қараша
2025
Кітап оқитын ұлт» — болашаққа бағыт!
 *«Кітап оқитын ұлт» — болашаққа бағыт!* Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» зияткерлік-ағартушылық жобасы аясында №19 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары үшін ерекше рухани іс-шара өтті. Кітапхана меңгерушісі Айнагүл Тілеубайқызы Аманжолованың ұйымдастыруымен *Жамбыл ҚЖК кітапханасы* қызметкерлерімен бірлесе отырып, *Б.Соқпақбаевтың «Интернат наны»* әңгімесіне негізделген шығармашылық тапсырмалар орындалып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.  Бұл шығарма арқылы
Cынып сағаттары өткізілді
10
қараша
2025
Cынып сағаттары өткізілді
Оқушылардың тұлғалық дамуын қалыптастыру және қоғамға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында мектепте бірқатар тәрбиелік сынып сағаттары өткізілді. Сабақтар барысында «Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «Жолда жүру ережелері», сондай-ақ «Валюта күні» тақырыптары қамтылып, оқушылар пайдалы ақпараттармен бөлісіп, белсенді талқылауға қатысты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, тәртіптілік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.  
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебіміздің мұғалімдері сенбілікке шықты
03
қараша
2025
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебіміздің мұғалімдері сенбілікке
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебіміздің мұғалімдері сенбілікке шығып, айналаны тазарту жұмыстарына белсене атсалысты.Бұл шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру.Ұжымдық сенбілік барысында мектеп аумағы мен оған жақын маңдар тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. ​https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid0HqfrviWiC1By5dqymHmEjjCnzg1fquCMXhgRnZNTND3Zjs9WPCZNarfggCs1eJEnl​​​