Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Асхана жұмысымен танысу
13
қазан
2025
Асхана жұмысымен танысу
№19 жалпы білім беретін мектепте ата-аналар қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кунстман И.Р. мектеп асханасының жұмысымен танысты. Кездесу барысында ас мәзірінің сапасы, санитарлық талаптардың сақталуы және оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.  ​https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid0267c77LUGFUC9mkzYQus2kcYKQX1tW4UwHUcQZHP9YJYPRYdygwMqNhTH15SK8BQrl​​​
«Адал азамат» және «Көмек. ДосбolLike»
13
қазан
2025
«Адал азамат» және «Көмек. ДосбolLike»
Бүгін мектепте «Адал азамат» және «Көмек. ДосбolLike» бағдарламалары аясында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар адалдық, достық және өзара көмектің маңыздылығы туралы ой бөлісіп, өмірлік құндылықтарды талқылады. Мақсат – жас ұрпақтың бойында әділдік пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру. ​https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid07unymuPRM79yNcGWqhWxWsG2R5a9cE8qjo2sygWWENiVQYZuvpxEobQXf4R5UmQul​​​
📌 Шебер сабақ — ЖИ технологиясын қолдану
13
қазан
2025
📌 Шебер сабақ — ЖИ технологиясын қолдану
 Шебер сабақ — ЖИ технологиясын қолдану  30 қыркүйек күні мектебіміздің математика пәні мұғалімі Уразбекова Ырысай Амантаевна жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын қолдану арқылы шебер сабақ өткізді.  Сабақ барысында Grok және Figma қосымшалары тиімді қолданылып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған интерактивті тапсырмалар ұсынылды. Бұл құралдар оқыту процесін визуалды, қызықты әрі тиімді етуге мүмкіндік берді.  ЖИ құралдарының көмегімен оқушылардың логикалық ойлау, талдау
“Ұлттық киім” күні
10
қазан
2025
“Ұлттық киім” күні
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына аясында жұма күні  “Ұлттық киім” күні болып бекітілді.   Бұл күні оқушылар, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүр мен мәдениетімізге деген құрметін көрсетті. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен рухының айнасы. Оны дәріптеу – өз тамырымызды тану, болашаққа рухани бай мұра қалдыру.  ​https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid02imi27e1bucSHStXYJpzTnoXPgfdSLoor4LdyTCoDzuuuZ3WmaLmECFD5BefvbCY3l​​​
«Samal Water»
10
қазан
2025
«Samal Water»
Бүгін оқушылар «Samal Water» зауытына қызықты экскурсия жасады. Сапар барысында олар судың тазартылу және құтыға құю кезеңдерімен танысып, өндіріс үдерісін өз көздерімен көрді. Экскурсия оқушыларға экологиялық мәдениет пен судың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. ​https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid0rZqWexxKS378ZopU7k3qeRjKT2g9wUQXVBubhBcCUjgJpoRVsWjhox4cSuy5ywvAl​​​ 
«Вейіпсіз жастық шақ»
10
қазан
2025
«Вейіпсіз жастық шақ»
Бүгін мектеп оқушылары «Вейіпсіз жастық шақ» тақырыбында эссе жазды. Шығармашылық жұмыс барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, жастық шақтың мәні мен уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын айқын көрсетті. ​https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid0vZagQG9BGfyPHoxdPadWmaX5xFFKbMmtAaea7GHg4DUX2pHi41SzkHasY2b2hAqHl​​​