Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы хайуанаттар бағына экскурсияға барды
08
маусым
2023
Алматы хайуанаттар бағына экскурсияға барды
08.06.2023ж күні жоспар бойынша біздің мектеп жанындағы «Балдаурен» лагерінің балалары Алматы хайуанаттар бағына экскурсияға барды! Балалар жануарларды көргендеріне қуанып, олар туралы көп мағлұматтар алды. Экскурсиядан кейін балаларды мектеп асханасында дәмді түскі ас күтті. Балалар тамақтанып, асхана қызметкерлеріне алғысын айтты. Біз балаларымыздың уақыттын көңілді және тиімді өткізіп, жақсы әсер алғанына қуаныштымыз.
Ата-аналар ризашылығы
08
маусым
2023
Ата-аналар ризашылығы
https://youtube.com/shorts/tfiYSNUr8Eg?feature=share https://youtube.com/shorts/xfppq0GGsTs?feature=share https://youtube.com/shorts/VP_wMWZ6v18?feature=share ​https://youtube.com/shorts/ZR_ZxFZctiY?feature=share​​​
«Балдаурен» лагері
07
маусым
2023
«Балдаурен» лагері
Мектеп жанындағы «Балдаурен» лагеріне балалар үлкен қызығушылықпен келеді. Күнделікті оларға тосынсыйлар дайындалған. Бұл ертегілер еліне саяхат, мұражайларға танымдық экскурсиялар, әртүрлі зияткерлік конкурстар мен спорттық жарыстар, саябақтағы көңілді демалыстар және дәмді түскі ас.  
“Рок пен Дог” мультфильмінің көрсетілімі болды
07
маусым
2023
“Рок пен Дог” мультфильмінің көрсетілімі болды
Мектебіміздің мәжіліс залында Led экран  арқылы “Рок пен Дог” мультфильмінің көрсетілімі болды. Бұл мультфильм балаларға арманы үшін еңбектенуді, қиындыққа берілмеуді, қандай жағдай болса да жеңілмеу керек екенін үйретеді. Лагерь қатысушыларына  өмірде жеңіліс пен жеңіс қатар жүретіндігі туралы түсіндірілді. Балаларға  мультфильм  өте  ұнады. Көрсетілімнен кейін балалар мектеп асханасынан тамақтанып, дәмді тамақ даярлаған асхана қызметкерлеріне алғыстарын айтты.
Орталық демалыс саябағына саяхат
06
маусым
2023
Орталық демалыс саябағына саяхат
“Балдәурен” мектеп жанындағы балалар лагерінің демалушылары 06.06.2023 ж.  Алматы қаласының Орталық демалыс саябағына тәрбиешілерімен бірге демалуға барды.  Демалыста оқушылар алаңсыз ойнап, эстафеталық жарыстарға қатысты. Саябақта серуендеуд і ұнатқан балалар тәрбиешілеріне жағымды кері байланыс ұсынды.
"Балдәурен" мектеп жанындағы лагерінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету
06
маусым
2023
"Балдәурен" мектеп жанындағы лагерінде оқушыларды ыстық тамақпен
2023 жылдың 5 маусымынан  бастап Алматы қаласы “№19 жалпы білім беретін мектеп” КММ "Балдаурен" мектеп жанындағы жазғы лагері нде балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.. Дұрыс  тамақтану- балалар денсаулығының кепілі.Мектеп жанындағы жазғы лагерь демалушыларының   ата-аналары   тегін ыстық тамақты ұйымдастырған  Алматы қаласы әкімдігіне және Алматы қаласы Білім басқармасына  үлкен алғыс білдіреді.