Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2025 года » Страница 9
Дублер күні өтті
03
қазан
2025
Дублер күні өтті
Бүгін мектебімізде ерекше күн – Дублер күні өтті. Бұл күнде оқушылар ұстаздардың, басшылардың рөлін сомдап, олардың жауапкершілігін сезінді. Іс-шара оқушылардың шығармашылығын, көшбасшылық қабілеттерін арттыруға бағытталды. ​https://www.facebook.com/reel/808027715143432​​​
Олжас Тоғымбет барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады!
03
қазан
2025
Олжас Тоғымбет барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады!
Белгілі театр және кино актері Олжас Тоғымбет барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады! «Ұстаз – ұлы тұлға. Балаға білім мен тәрбие беріп, өмір жолын айқындауға себепші болатын ең қастерлі жан – ұстаз. Барлық мұғалімдерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!» – деп жүрекжарды тілегін жеткізді өнер иесі. ​https://www.facebook.com/reel/818539103868447​​​
«Ұстаз – өмірдің шамшырағы»
03
қазан
2025
«Ұстаз – өмірдің шамшырағы»
 Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – өмірдің шамшырағы» атты мерекелік концерт өтті. Оқушылар ұстаздарына деген алғыс пен ыстық ықыластарын әнмен де, бимен де, жүрекжарды жырларымен де жеткізді. Бұл кеш – ұлағатты ұстаздарға арналған құрмет пен ризашылықтың айғағы болды. Ұстаздарымызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, шәкірт тәрбиесіндегі еңбектеріне сәттілік тілейміз! ​https://www.facebook.com/reel/1483713802899580​​​
Алғашқы ұстазым
03
қазан
2025
Алғашқы ұстазым
Ұстаздар күніне орай мектебіміздің ұлағатты ұстаздары өздерінің алғашқы ұстаздарын және білім  берген ұстаздарын сағына еске алып, жүрекжарды құттықтау видеосын жолдады.Осынау ұлы жолға түсуіне, білім мен тәрбие беру ісін таңдауда бағыт-бағдар беріп, үлгі бола білген ұстаздарына деген құрметі мен алғысын жеткізді.  https://www.facebook.com/reel/742845915382661 ​https://www.facebook.com/reel/2198111534028427​​​
Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Ұстазыңды құшақта» атты ерекше челлендж ұйымдастырылды
03
қазан
2025
Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Ұстазыңды құшақта» атты ерекше
📚✨ Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Ұстазыңды құшақта» атты ерекше челлендж ұйымдастырылды. Бұл бастама ұстаздарымызға деген құрмет пен ыстық ықыластың белгісі болды. Оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарын құшақтап, алғыстарын білдіріп, мейірім мен махаббатқа толы сәттер сыйлады. ❤️ ​https://www.facebook.com/share/v/1FAkVtVtGB/​​​