Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2023 года » Страница 3
"Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты
20
наурыз
2023
"Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты
№19 ЖББМ кітапханасында, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай, "Оюлар сөйлейді" тақырыбында таныстыру сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға ою-өрнек туралы түсінік беру. Ою оюды үйрету. Оқушының ой-қиялын дамытып, іскерлікке баулу. Таныстыру барысында,  оқушылар ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға,  өз бойларында ұқыптылық,  әдемілік сынды қасиеттерін дамыта отырып,  асыл мұрамызды жаңғырта беруге,  қастерлеуге,   кейінгі ұрпаққа жеткізу парыз екендігін ұқты.
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
18
наурыз
2023
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
№19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы Наурыз мерекесін бар сән-салтанатымен өткізді. Ұлттық киім киген ұжым мүшелері сегіз топқа бөлініп, өнерлерін ортаға салды. Өнерлі ұжымдастар әуелетіп ән салып, күмбірлете күй шертіп, мың бұрала би билеп шараның шырайын келтірді.  Ұлыстың ұлы күні ақ тілектер айтылып, наурыз көжеден дәм татылды. Жастар естелік фотоға түсіп, ұлттық дәстүрімізбен үндескен шарадан үлкен әсер алды. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Көрісу - қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі.
14
наурыз
2023
Көрісу - қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі.
Көрісу - қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Батыста сақталған бұл дәстүр қазір еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен атап өтіледі. Ағайын-жұрағат, көрші-көлең, барлығы таңертең ерте тұрып, бір-бірімен қауышып, игі, жақсы тілектер айтады.  Қыстан аман шыққанына қуанған халық бір-бірімен қол алысып, амандасады. Үй аралап, көрісіп шығады. Бір-біріне «бір жас қосуыңмен» деп ізгі тілегін айтып жатады. Осынау көктемнің хабаршысындай болған «Көрісу күнімен» баршаларыңызды құттықтап,