Функционалдық сауаттылық/ Функциональная грамотность
19 ақпан күні қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдері үшін практикалық семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы:"Мұғалімнің функционалдық сауаттылығы – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі". Семинар барысында төменгідей сұрақтар қарастырылды: Халықаралық салыстырмалы зерттеудің ашық тапсырмаларының қайсысын сабаққа енгізген дұрыс және неге? Курс бөліміне жеке жаттығулармен және тапсырмалар топтарымен бірлескен және тәуелсіз жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?