Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ әдебиетінің қадірлі ақсақалы Дулат Исабековтің туған күні.
22
қазан
2020

Қазақ әдебиетінің қадірлі ақсақалы Дулат Исабековтің туған күні.

Бүгін қазан айының жиырмасыншы жұлдызында 60 жылдары қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен енген, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «ПЕН-клубы» және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, шоқтығы биік жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің қадірлі ақсақалы Дулат Исабековтің туған күні.
Дулат аға «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Tańsholpan» бағдарламасының құрметті қонағы болды. Тамаша кездесуде өзі жайлы қызықты деректермен бөлісу барысында екі есімі, екі туған күні бар екенін көрермендермен бөлісті.
Қария - ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес дегендей, біз де Дулат ағамызбен кездесуге асықтық. Бүгінгі ерекше тарихи сәттің куәгері болып, Медеу ауданы білім бөлімі, №19 жалпы білім беретін мектептің атынан құттықтадық.
Ел əдебиетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып, тағылымы мол құнды шығармаларыңызды асыға күтеміз. Ойлы оқырмандарыңызды жаңа туындыларыңызбен қуанта беріңіз. Лайым қанатыңыз талмай, қажыр-қайратыңыз арта берсін. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еселі еңбегіңіз берекелі, қалам сертіңіз қалтқысыз орындала берсін - деп тілек білдірдік.