Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2019

Алғашқы қоңырау

Құрметті ұстаздар, оқушылар жəне ата-аналар!!! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен мектеп əкімшілігі құттықтайды! 
1-қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! 
Бұл мереке жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалатыны айдан анық! 
Алғаш әріп танып, білім баспалдағын аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше сәттерге толы болды. Олай дейтініміз, әрбір бүлдіршінге осы күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыйлығы «Менің Отаным - Қазақстаным» атты  балғындарға арналған танымдық кітабы табыс етілді. Бұл сыйлық бүлдіршіндердің оқуға деген жігерлерін, ынталарын арттыратыны сөзсіз.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!