Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық» қолданбалы балалар шығармашылығы көрмесі
14
қазан
2019

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық» қолданбалы балалар шығармашылығы көрмесі

14.10.19 қазан күні Медеу ауданы  білім бөлімінің  басшылығы жəне 19 жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен  Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық» мерей тойына арналған Медеу ауданды мектептері арасында көркем және сәндік - қолданбалы балалар шығармашылығы көрме - байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Көрме-байқауға ауданның қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары қатысты.
 Аудандық, қалалық балалар шығармашылығы көрмелерінде орындаудың түрлі жанрлары, техникалары және материалдары бойынша жүлделі орындарға ие болған 11 - 17 жастағы жасөспірімдердің жұмыстары ұсынылды.
 Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хат беріліп, жеңімпаздар қалалық байқауға жолдама алды.