Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бокстан өткізілген республикалық ашық турнирдің жеңімпаздары
03
қазан
2023
Бокстан өткізілген республикалық ашық турнирдің жеңімпаздары
"SABR" спорт клубының 2005-2015 жылғы жас өспірімдер арасында бокстан өткізілген республикалық ашық турнирде №19 жалпы білім беретін мектептің 7 "А" сынып оқушысы Ербол Айбар І орын, 3 "Б" сынып оқушысы Серікбай Альтаир ІІ орын иегері атанды.Жеңістерімен құттықтаймыз!  
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі
26
мамыр
2023
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі
Балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, балалардың шығармашылығын танымал ету, адамгершілікке, руханилыққа, толеранттыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» ұйымдастырған «Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі аясында «Жұлдызды сәт» қалалық музыкалық байқауында Меліс Мадияр - ауданнан 1 орын, қалалық деңгейден грамотамен марапатталды. «Бояулар құпиясы» АРТ
Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагері
26
мамыр
2023
Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагері
Түркістан облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне 4-23 мамыр аралығында лагердің 6-ауысымына мектебімізден аудан, қалалық байқаулар жеңімпаз оқушылары барып, жақсы демалып қайтты. Өз кезегінде мектеп ұжымы мен ата-аналары Алматы қаласының Білім басқармасына және Медеу аудандық білім бөліміне өз ризашылықтарын білдіреді.  
«ҮЗДІК КАБИНЕТ – 2023»
28
ақпан
2023
«ҮЗДІК КАБИНЕТ – 2023»
«Жаратылыстану –математикалық бағыттағы үздік кабинет– 2023» атты мектеп кабинеттерінің қалалық байқауында мектебіміздің физика кабинеті үздік деп танылып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп басшылығын және физика кабинетінің меңгерушісі Кожалимова Бекзат Айдархановны атаулы жеңістерімен құттықтаймыз!  
Алғыс хатпен марапатталды
15
желтоқсан
2022
Алғыс хатпен марапатталды
Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы-жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде жетістіктерге жетіп, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Карибжанова Дариға Әділханқызы республикалық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып шығармашылық табыстар тілейміз!  
«Өз жұлдызыңды жақ» IV қалалық байқауы
01
қараша
2022
«Өз жұлдызыңды жақ» IV қалалық байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жас педагогтердің «Өз жұлдызыңды жақ» IV қалалық байқауында мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нуридин Гулнур Жүсіпқызы ІІІ орын иеленді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз.