Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ пэзиясының Хан-Тәңірі атанған Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші
18
ақпан
2019

Қазақ пэзиясының Хан-Тәңірі атанған Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші

2019 жылдың ақпан айының 15 жұлдызында №19жалпы білім беретін мектепте Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында оқушыларды ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, ақкөңіл, адал болуға тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Есіңе мені алғайсың» тақырыбы аясында қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі атанған Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтті. Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Музыкалық білім мамандығының» 3 курс студенттері қатысты.

Өлең-өнер, өлең-дерт – оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері – таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. «Жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады» – демекші, кеште ақиық ақынымыздың өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндері шырқалды.

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты.

Мектептің 8, 9, 10 – сынып оқушылары: Абиден Н., Құдайқұл А., Нысанбек А., Амангелді А., Канжаев Э., Лонг Джонг К., Ебелекова Т. ақын өлеңдерін жатқа оқыса, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің студенттері өз өнерлерімен көрермендердің көңілін тәнті етті.

Кеш соңында сөз алған мектеп әкімшілігі ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары біз үшін таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек екенін тілге тиек етті.