Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы
08
ақпан
2019

«Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

2011 жылы 6 шілдеде "Елорда күніне" орай Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. 26 тамыз күні "Жас Ұлан" ұйымының құрылтайы өтті. Ұйымның Кеңес мүшелері, жұмыс жоспары қабылданды, ресми нышандары бекітілді. Бұл ұйымның мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбек сүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады. Осыған орай, ақпан айының 6-шы жұлдызы күні аға тәлімгер А.М. Шарипбаеваның ұйымдастыруымен №19 жалпы білім беретін мектебінде Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Осы іс-шараға мектеп әкімшілігі мен ұстаздар және ата-аналар қатысты. Іс-шара барысында 5-11 сынып аралығында озат оқушылар және халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық спорт, ән байқауларынан және т.б. жарыстардың жүлделі орын иегерлері мен мектептің белсенді оқушылары «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданып, «Жас Ұлан» ұйымының Антын берді.