17
қыркүйек
2025
Жалпы ата-аналар жиналысы
17.09.2025ж мектебімізде 1–11 сыныптар ата-аналарының қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің негізгі бағыттарымен таныстыру, оқу үлгерісі мен тәртіп мәселелерін талқылау, сондай-ақ ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту болды.
Кездесу барысында сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігі оқу жылының жаңалықтары туралы ақпарат беріп, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар айтты.
https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid026Jxe1JCvF6Nk8ZEpAbsXny9BLCsxt2igDR4vkPMsXWh4R9oAgUHVqFeouzcrdqfAl