Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «BALAFEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі
02
маусым
2025

«BALAFEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі

Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” орталығының ұйымдастырумен Халықаралық
балаларды қорғау күніне орай өтіп жатқан «BALAFEST. JARYQ SKILL FEST» фестиваліне  №19 жалпы білім беретін мектебінің қалалық және аудандық конкурстарының жеңімпаздары қатысты. Балалар мерекесі қарсаңында Алматы шын мәнінде балалық шақтың, шабыт пен қиялдың ортасына айналды. Қалада 5000-нан астам бала шығармашылық пен жаңалыққа толы таңғажайып атмосфераға бөленді. Фестиваль аясында балалардың жан-жақты дамуын бейнелейтін негізгі тақырыптық бес бекет ұйымдастырылды. Олар цифрлық технологиялардан тартып кәсіби
дағдыға дейінгі түрлі мазмұндарды қамтыды. Айталық, Qabilet бөлімінде балалар түрлі мамандықпен танысып, практикалық дағдыларды меңгере алады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл іс-шара балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.Олар түрлі жарыстарға қатысып, ұйымдастырушылар атынан сыйлықтарға ие болды.

https://www.facebook.com/AlSchool19/posts/pfbid02iAoP5ez5ukP4YF6cThtrcHMosX9PjrSC9ND65sx3xb93jtZoh4BSdK9New6VBH5wl​​​