Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Балдаурен” мектеп жанындағы балалар лагері
26
мамыр
2025

“Балдаурен” мектеп жанындағы балалар лагері

Алматы қаласы Білім басқармасының №19 жалпы Білім бертін мектепте 26.05.2025 ж. “Балдаурен” мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры Имангалиева А.Д бүлдіршіндерді құттықтап, іс-шараларға белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды. Лагерь тәрбиешілері оқушыларды топтарға бөліп, лагердің қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Әр отряд өз атауын, ұранын, отряд капитанын таңдады. Жайдарлы жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыруға №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы белсенді атсалысуда. Лагерьдің ашылу салтанатынан кейін ойын-сауық бағдарламасы басталды. Балалар мен ата-аналар үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Биылғы маусымда  лагерь инфрақұрылымына ерекше назар аударылды. Ата-аналар мен балаларға заманауи ойын және спорт алаңдарын, демалуға және шығармашылыққа арналған жайлы аймақтарды көрсете отырып, мектеп ауласына  экскурсия жасалынды. Іс-шарада лагерь мұғалімдері мен тәрбиешілері таныстырылды. Олар  балаларға лагерь  бағдарламасын, оқыту және ойын-сауық әдістері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, ата-аналардың қызықтарған сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар мен балалар  лагердің бірінші күні әсерлі көңіл күймен қайтты.Мектеп жанындағы “Балақай” лагері көптеген балалар үшін маңызды және сүйікті жазғы демалыс орны болатыны сөзсіз.

https://www.facebook.com/reel/1338323050595488​​​