Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының қолданылуы туралы
📚 Бүгін мектебіміздің ұстаздары үшін пайдалы әрі мазмұнды кездесу өтті. «Alem» педагогикалық-инновациялық орталығының өкілі педагогтерді lifted.kz платформасындағы жаңа мүмкіндіктермен таныстырды. Кездесу барысында білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан заманауи жаңашылдықтар, әсіресе жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының қолданылуы кеңінен түсіндірілді. Мұғалімдер оқу материалдарын дайындау, тапсырмаларды түрлендіру, бағалау және сабақ сапасын арттыру бағытындағы жаңа функциялармен танысты.