Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
05
наурыз
2026

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде таңертең бітіруші түлектер ұстаздарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Оқушылар ұстаздарына жылы лебіздерін білдіріп, гүл сыйлап, олардың еңбегі мен қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын жеткізді. Мектепте мерекелік көңіл күй орнап, жылы сөздер мен ақ тілектер барша ұстаздарға ерекше қуаныш сыйлады.
Бұл құттықтаудың басты мақсаты – ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықты білдіру. Өйткені ұстаз – шәкірт жүрегіне білім мен тәрбие дарытатын тұлға.
Шынайы ықыласпен ұйымдастырылған бұл құттықтау ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік күннің жарқын басталуына себеп болды. 🌷

https://www.facebook.com/share/r/1DtvG9rD89/​​​