Cынып сағаттары өткізілді
Оқушылардың тұлғалық дамуын қалыптастыру және қоғамға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында мектепте бірқатар тәрбиелік сынып сағаттары өткізілді. Сабақтар барысында «Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «Жолда жүру ережелері», сондай-ақ «Валюта күні» тақырыптары қамтылып, оқушылар пайдалы ақпараттармен бөлісіп, белсенді талқылауға қатысты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, тәртіптілік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.