Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балдаурен» лагері
07
маусым
2023
«Балдаурен» лагері
Мектеп жанындағы «Балдаурен» лагеріне балалар үлкен қызығушылықпен келеді. Күнделікті оларға тосынсыйлар дайындалған. Бұл ертегілер еліне саяхат, мұражайларға танымдық экскурсиялар, әртүрлі зияткерлік конкурстар мен спорттық жарыстар, саябақтағы көңілді демалыстар және дәмді түскі ас.  
Таңғы жаттығу
06
маусым
2023
Таңғы жаттығу
"Балдаурен" мектеп жанындағы жазғы лагерінің күн тәртібі көңілді таңғы жаттығулардан басталды. Таңғы  жаттығудың  балаларды сауықтыру мен  көңіл –күйлерін көтеруге әсері зор . Көңілді жаттығулардан кейін балалар бір-біріне  сәттілік тілеп , күні бойы іс-шараларда белсенді болды.
“Балдаурен” мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылуы
05
маусым
2023
“Балдаурен” мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылуы
Алматы қаласы Білім  басқармасының  №19 жалпы Білім бертін мектепте   05.06.2023 ж. “Балдаурен”мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылу салтанаты өтті.  Салтанатты жиында мектеп директоры Имангалиева А.Д  бүлдіршіндерді  құттықтап,  іс-шараларға  белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды. Лагердің ашылу салтанатында   мектептің өзін-өзі басқару ұйымы  балалардың сүйікті кейіпкерлері Қызыл телпек, Күлше қыз, Микки маус, Уенсдей, Покахонтасты сомдап, балалармен ертегі әлеміне
Мектеп бітіруші түлектеріміз ұстаздарына өздерінің ізгі тілектері мен алғысын білдірді
01
маусым
2023
Мектеп бітіруші түлектеріміз ұстаздарына өздерінің ізгі тілектері мен
2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектеріміз ұстаздарына өздерінің ізгі тілектері мен алғысын білдірді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оның екінші үйіне айналып, өз ісінің маманы болған мейірімді, тамаша ұстаздарымыз жақын адамына айналатыны сөзсіз. Түлектерімізге аңсаған армандарына қол жеткізіп, үлкен өмір жолына бастар қадамдары сәтті болсын деп тілейміз!  
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»
01
маусым
2023
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!»
Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен №19 жалпы білім беретін мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмоб өткізді. Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана болмай, қоғамға барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің керемет ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салады.
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі
26
мамыр
2023
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі
Балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, балалардың шығармашылығын танымал ету, адамгершілікке, руханилыққа, толеранттыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» ұйымдастырған «Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі аясында «Жұлдызды сәт» қалалық музыкалық байқауында Меліс Мадияр - ауданнан 1 орын, қалалық деңгейден грамотамен марапатталды. «Бояулар құпиясы» АРТ