Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагері
26
мамыр
2023
Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагері
Түркістан облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне 4-23 мамыр аралығында лагердің 6-ауысымына мектебімізден аудан, қалалық байқаулар жеңімпаз оқушылары барып, жақсы демалып қайтты. Өз кезегінде мектеп ұжымы мен ата-аналары Алматы қаласының Білім басқармасына және Медеу аудандық білім бөліміне өз ризашылықтарын білдіреді.  
2024 жылғы түлектерге кәсибі бағдар беру жұмыстары жүргізілді
26
мамыр
2023
2024 жылғы түлектерге кәсибі бағдар беру жұмыстары жүргізілді
26 мамыр күні «Atakent Park Hotel» конгресс-холлда 2024 жылғы түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 10-сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысты. Спикер «Білімді болашақ» зияткерлік мектебінің директоры Айбын Теменов ҰБТ бойынша кеңінен түсіндіріп, қай пән қандай мамандықтарға сай келетіні туралы мәлімет берді. Мемелекеттік гранттар мүмкіндіктері және өтінімді жіберу жолдарын көрсетті. Оқушылар өздерінің түсінбеген сұрақтарына жауап алып, мамандық салаларымен танысты.  
"Алматыдағы заманауи білім беру күндері" фестивалі
20
мамыр
2023
"Алматыдағы заманауи білім беру күндері" фестивалі
20.05.2023ж. Мектебіміздің 9- сынып оқушылары "Алматыдағы заманауи білім беру күндері" фестиваліне қатысып, колледж, жоғары оқу орындары, шет елде білім алу, мамандықты дұрыс таңдау туралы кеңестер алып қайтты. "Алматыдағы заманауи Білім беру" фестивалінде ЖОО мамандықтарымен және шет елде білім алудың жолдары туралы көп мәліметтермен танысты.
Халықаралық “Сәлем, Астана” фестиваль байқауы
05
мамыр
2023
Халықаралық “Сәлем, Астана” фестиваль байқауы
Халықаралық “Сәлем, Астана” фестиваль байқауында І орынға ие болған “Достар” квартеті: Жанғазы Аңсар, Қошқарбек Алмаз, Базарғали Інжу, Жақсылық Каусар және соло орындаушы Музапар Еңлікті құттықтаймыз.
«Пікірсайыс-өмір салты» атты челлендж
26
сәуір
2023
«Пікірсайыс-өмір салты» атты челлендж
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруменен 7-11 сынып оқушылары арасындағы қалалық «Пікірсайыс-өмір салты» атты челленджіне №19 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі басқару ұйымы қатысып, «Креативті видеобейне» номинациясы бойынша марапатталды. 
«Мектепте/колледжде бір күн» атты челлендж
26
сәуір
2023
«Мектепте/колледжде бір күн» атты челлендж
Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруменен 7-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасындағы «Мектепте/колледжде бір күн» атты челленджіне №19 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі басқару ұйымы қатысып, «Ең жарқын қызықты бейнебаян» номинациясы бойынша марапатталды.