Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Балдаурен” мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылуы
05
маусым
2023

“Балдаурен” мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылуы

Алматы қаласы Білім  басқармасының  №19 жалпы Білім бертін мектепте   05.06.2023 ж. “Балдаурен”мектеп жанындағы балалар лагерінің ашылу салтанаты өтті.  Салтанатты жиында мектеп директоры Имангалиева А.Д  бүлдіршіндерді  құттықтап,  іс-шараларға  белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды. Лагердің ашылу салтанатында   мектептің өзін-өзі басқару ұйымы  балалардың сүйікті кейіпкерлері Қызыл телпек, Күлше қыз, Микки маус, Уенсдей, Покахонтасты сомдап, балалармен ертегі әлеміне саяхат жасады. Лагерь  тәрбиешілері   оқушыларды  топтарға бөліп, лагердің қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.  Әр отряд өз атауын, ұранын, отряд капитанын таңдады. Жайдарлы  жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыруға №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы белсенді атсалысуда.