Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балдәурен" жазғы лагері/ Летни лагерь "Балдаурен"
01
маусым
2022

"Балдәурен" жазғы лагері/ Летни лагерь "Балдаурен"

31 мамыр күні № 19 жалпы білім беретін мектепте "Балдәурен" жазғы лагерінің ашылуы өтті. Жазғы лагерьдің ашылуы "Viva" тобының әндерімен және жалынды билерімен безендірілді. Балалар жазғы демалыстың қызықты әлеміне еніп кетті. Лагерьдің ашылуында мектеп директоры А.Д. Имангалиева құттықтау сөз сөйлеп, балаларды жазғы лагерь жұмысы кезеңінде жоспарланған негізгі іс-шаралармен таныстырды. Сондай-ақ, балаларды жазғы демалыстың басталуымен директордың орынбасары М.К. Ибраимханова құттықтап, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтаулары туралы еске салды.
Барлық балаларға тамаша жазғы демалыс тілейміз! Уақыттарыңызды көңілді өткізуге, барлық жақсы қабілеттеріңізді көрсетуге, денсаулықтарыңызды нығайтуға, тамаша демалуға және жаңа достар табуға тілектеспіз.
______________
31 мая в КГУ ОШ #19 состоялось открытие Летнего лагеря при школе "Балдаурен". Открытие летнего лагеря было украшено исполнением песен и задорными танцами группы "Viva". Ребята погрузились в увлекательный мир летнего отдыха. На открытии Летнего лагеря с приветственным словом и поздравлением выступила директор школы Имангалиева А. Д., познакомила детей с основными мероприятиями, которые запланированы в период работы Летнего лагеря. Также с поздравлением в адрес ребят с началом летнего отдыха выступила заместитель директора Ибраимханова М. К., напомнила о соблюдении техники безопасности в период летнего отдыха.
Отличного летнего отдыха всем ребятам! Желаем весело провести время, проявить все свои самые лучшие способности, укрепить свое здоровье, отлично отдохнуть и найти новых друзей
@almaty_mektepteri
@medeu_roo
@edu.almaty