Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар
19
қазан
2021

«Оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар

№19 жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану-математика пәндер  бірлестігі мұғалімдерге арналған «Оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тиімді әдістер мен формаларды пайдалану арқылы сапалы білімге қол жеткізу. 
    География пәні мұғалімі Гульнара Сарманова «Білімдегі кеткен олқылықтарды анықтау, қатемен жұмысты жүйелі ұйымдастыру»  мәселелері тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
   Мектеп мұғалімі Қажымов Андас  «БЖБ және ТЖБ құрастыру және тексерудің тиімді жолдары»  тақырыбында онлайн мектеп платформасы арқылы вебинар өткізді.
    Математика пәні  мұғалімі  – Нұркүл Мусабековна «Критериялды бағалаудағы әдіс-тәсілдер»  бойынша шебер сабақ көрсетіп, сабақ аясында тиімді және нәтижелі қолдану жолдарымен бөлісті. 
    Математика пәні мұғалімі Алия Сериковна « Саралап оқыту – жек тұлғаға бағытталған оқыту» тақырыбы бойынша тәжірибесін көрсете отырып, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту тәсілдерін түсіндірді. 
    Мектеп директоры А.Д.Имангалиева отырыс соңында білім саласында жаратылыстану-математика  пәндерінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы мұғалім шеберлігінің өте маңызды екендігін атап көрсетті.