№19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы «Оқуға құштар - ұжым» акциясын ұйымдастырды. » КГУ Общеобразовательная школа №19
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №19"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 55-11-02
Бухгалтерия:
+7 (727) 55-11-02
Версия
для слабовидящих
» » №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы «Оқуға құштар - ұжым» акциясын ұйымдастырды.
05
апрель
2021

№19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы «Оқуға құштар - ұжым» акциясын ұйымдастырды.

Абай: «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа»
     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Аталған жоба аясында мектебіміздің директоры А.Д. Иманғалиеваның  бастамасымен №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы да «Оқуға құштар - ұжым» акциясы ұйымдастырылды.
        Акция аясында мектептегі оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, көркем әдебиетке қызығушылықтары мен оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кешенді шаралар көзделген.
 Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Осы негізде  ұстаздар арасында «Кітабымды ұсынамын!» челленджі жарияланды.
     Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының  үлесі маңызды.  Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір кілті ретінде, ал тұлғаны тәрбиелеу және білім беру - адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің кепілі.