Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
наурыз
2021

«Қош келдің, Наурыз!»

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат»   мақаласында айтылған Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын әзірлеу және көктем мерекесінің мазмұнын байыту туралы тапсырмасына сәйкес №19 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына  аралас және онлайн оқыту форматында «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбы аясында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеу, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Аталған сабақ барысында мұғалімдер  Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын, басты ерекшеліктерін түсіндірді.