Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық "Қамқорлық" акциясы
30
қаңтар
2019

Республикалық "Қамқорлық" акциясы


Алматы қаласы, Медеу ауданы, №19 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңы және мектеп жасындағы балаларды міндетті оқумен қамту жайлы нормативтік-құқықтық актілеріне, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы №6-15-3/59-И хатына сәйкес 2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын ұйымдастыру.
Мектебімізде «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комиссия құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Акция аясында сәтсіз отбасыларға рейдттер жүргізіліп, жетім және асыраушысынан айырылған, аз қамтылған, көп балалы жанұядан шыққан оқушыларды қолдауға, татулыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптан тыс жұмыстар өткізілуде.
№19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы және ата-аналар акцияға түгелдей атсалысып, балаларға мектеп формалары, спорт киімдері, қыстық куртка, оқуға қажетті құралдары, аяқ – киімдер, жеңіл күртешелер беріп жүрек жылуларымен бөлісуде. Жалпыға міндетті оқу қорынан 73 бала асханадан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Кәмелетке толмағандардаң бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және олардың бей-берекет жүрмеулері үшін мерекелік және спорттық іс-шаралар жүзеге асырылуда.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» дегендей, осындай көмекке мұқтаж оқушыларға қол ұшын беріп, рақымшылық көрсеткен азаматтардың қатары көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.