Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№19 ЖББМ» КММ-де сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында 9-11 сынып оқушыларын аралас оқыту жүйесіне көшіру.
11
қаңтар
2021

«№19 ЖББМ» КММ-де сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында 9-11 сынып оқушыларын аралас оқыту жүйесіне көшіру.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруын алдын алу жөніндегі шараларды одан ары күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқандағы №67 қаулысы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығы, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 28 желтоқсандағы №548 бұйрығын басшылыққа ала отырып 2021 жылдың III тоқсанынан бастап, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындай отырып, 9-11 сынып оқушылары  (70%- дәстүрлі оқыту, 30%-қашықтықтан оқыту) аралас оқыту жүйесіне көшірілді. Аралас оқытуға көшу барысында ата-аналардың қалауы бойынша қашықтықтан оқытуды қалайтын оқушылар қашықтықтан оқыту жүйесінде қалдырылды. 
Аралас оқытуға көшу жүйесінде төмендегі талаптар орындалды:
1.Уақыты нақты көрсетілген сабақ кестесі жасалды. 
2.Оқушылардың бір-бірімен әлеуметтік арақашықтықтығын сақтау мақсатында әртүрлі уақыттағы бірнеше аусымдар ұйымдастырылды. 
3.Кабинеттік жүйе қамтамасыз етілді. Әр оқушыға оқу партасы мен орындығы бекілітіп берілді, 1 метірлік арақашықтық сақталды.
4.Әр сынып үшін үзіліс әртүрлі уақытқа ұйымдастырылды.
5.Кіре берісте мектеп қызметкерлердің, мұғалімдердің, оқушылардың дене қызуын мектеп медбикесі күнделікті өлшеп отырады.
6.Оқу кабинеттерін желдету, залалсыздандыру кестесі жасалып, бекітіліп қатаң орындалды.
7.Қол жуу және арнайы залалсыздандырғыш құралдармен қамтамасыздандырылды.
8.Оқу кабинеттерінде ылғалды жуу әр екінші сабақ сайын қамтамасыз етілді.
9.Аусым арасында коридор, холл т.б. ашық жерлерді ылғалды жуу жүзеге асырылды.
10.Сабақ уақытында ауырып қалған жағдайда оқушыларды оқшаулау бөлмесі және медициналық кабинет үздіксіз жұмыс жасайды.
11.Спортзал үнемі желдетіліп, санитарлық талаптар қатаң сақталды.
12.Мұғалімдер мен оқушылардың оқу кабинеттерінен келесі оқу кабинетіне қатынасуына, мұғалімдер бөлмесіне баруға, әртүрлі іс-шаралар және ата-аналар жиналысын өткізуге тиым салынды.. Мектепте аралас оқыту жүйесіндегі мұғалімдердің тізімі жасалып, бекітілді. 
13.Барлық жиналыстар онлайн режимінде өткізіледі.
14.Залалсыздандырғыш құралдармен барлық ашық жерлер күнделікті залалсыздандырылады.
15.Мектеп кіре берісінде залалсыздандырғыш кілемше, әр қабатта қолды залалсыздандыратын сұйықтықтармен қамтамасыз етілді.
16.Сапалы сумен қамту және қолды қолжуғыш құралдармен жуу қатаң бақылауда болады.