Алматы қаласы Білім басқармасының
«№19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 382-40-26
Есепші бөлімі:
+7 (727) 382-38-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысы
14
қараша
2020

«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысы

«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыруымен қатар балалардың шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байыту мақсатында №19 жалпы білім беретін мектептің 5-9 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына онлайн форматта экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Қазақстан республикасы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекцияларымен, ондағы батыс және кеңес өнерінің, шығыс халықтарының туындыларымен танысты. Әбылхан Қастеев, Қанафия Телжанов, Молдахмет Кенбаев, Сабур Мамбеев, Гүлфайрус Исмаилова, Айша Галимбаева, Ольга Кужеленко, Николай Хлудов, Александр Риттих сияқты көптеген көрнекті Қазақстандық суретшілердің төл туындыларының мәнін, маңыздылығын түсініп, мәдениетке, өнерге деген қызығушылықтары арта түсті.